jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Балаларымның аналары кінәлі емес": Айдарқұлов екі мәрте ажырасқанына өзі кінәлі екенін мойындады

    Дәурен Айдарқұлов
    Фото: Instagram/daurenaidarkulov

    Қазақстандық танымал актер Дәурен Айдарқұлов екі сәтсіз некесіне де өзі кінәлі екенін мойындады. Өнер иесінің сөзінше, ажырасып кетуіне екі әйелінің еш кінәсі жоқ. Сонымен қатар, көпбалалы әке үшінші тойы қашан болатыны мен өзін бес жылдан кейін кім болып елестететінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Дәурен Айдарқұлов өзінің Instagram парақшасында оқырмандарына барынша ашылып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Сауалдарға жауап беру барысында актер алдағы бес жылда қоғам қайраткері болуды жоспарлап жүргенін алға тартты.

    Сонымен қатар, желі қолданушылардың бірі тіпті көпбалалы әртістен қашан үшінші мәрте үйленетінін де сұрады.

    "Оның жауабын күтудемін. Мен дайынмын. Мен әрқашан дайынмын", - деп көпшілікті таңғалдырды ол.

    Айдарқұловтың жанкүйерлері бұл жуаптан кейін оны сұрақтың астына алып, қызу талқы ұйымдастырған. Кейбірі әртіске Ақбота Сейітмағамбеттің жар ретінде сай келмегенін де айтып өткен.

    "Сіздің көзқарасыңыздан-ақ ақкөңіл жан екеніңізді айтуға болады. Ақбота расымен сіздің адамыңыз емес. Ойы шашыраңқы қыз. Алайда, сіз әлі жассыз. Мойымаңыз, бәрін үлгересіз", - деп пікірін білдірді оқырман.

    Алайда, Айдарқұлов желі қолданушысының бұл сөздеріне қосылмады.

    "Балаларымның аналары мүлдем кінәлі емес. Кінә менде", - деп жазды ол.

    "Балаларымның аналары кінәлі емес": Айдарқұлов екі мәрте ажырасқанына өзі кінәлі екенін мойындады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.