RU

"Ең сұлу ару": Орамал таққан Майя Бекбаева елді тәнті етті (фото)

Майя Бекбаева
Фото: Instagram/mayabekbayeva

Отандық танымал тележүргізуші Майя Бекбаева Түркістан қаласына қасиетті жерлерді аралауға аттанған. Ақпарат өкілі желіде саяхаты қалай өтіп жатқанымен белсенді түрде бөлісуде. Ол көпшілік назарына орамал таққан суреттерін ұсынып, елдің ыстық ықыласына бөленді. Желідегілер бұл жабық образдың журналиске қатты жарасатынын жарыса айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Майя Бекбаева өзінің Instagram парақшасында оқырмандарына Түркістан бойынша виртуалды экскурсия ұйымдастырды. Тележүргізуші желіде қасиетті мекеннен ерекше суреттермен бөлісіп, өзін орамалды образда көрсетті.

Ақпарат өкілінің аталмыш суреті желідегілердің көңілінен шығып, олардың жылы лебіздеріне ие болды.

"Сізге сондай жарасады", "Сізге осылай киініп жүру керек екен. Қатты жарасып тұр", "Майя сұлусыз", "Жарасып кетті. Шешпей тағыңыз", "Сізге орамал тартқан жарасады екен", "Ең сұлу ару", "Орамал сізге ерекше жарасады екен", "Аленушка", "Анжелина Джоли", "Түріңіз өзгеріп шыға келді. Мына образ сізді аша түскен секілді", "Майяға бәрі жараса береді", - деп жазуда қалың көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918672-en-sulu-aru-oramal-taqqan-maiya-bekbaeva-eldi-tanti-etti-foto/