Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мінсіз ару": Мадина Сәдуақасова ерекше образын паш етті (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова жанкүйерлерін жаңа образындағы фотосессиясымен қуантты. Өнер иесінің талдырмаш мүсіні көпшіліктің қызу талқысына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова ерекше образын Instagram парақшасында көрсетті. Әнші қай суретті таңдарын білмей, көпшілік көмегіне жүгінді.

"Қай сурет жақсырақ шыққан? Таңдай алмай жатырмын", - деп жазған өнер иесі.

Желі қолданушылары Сәдуақасованың әдемі образы мен оның талдырмаш мүсініне тәнті болып, өз пікірлерін жарыса білдірді.

"Екеуі де жақсы шыққан", "Сіз кез келген фотода әдемі болып тұрасыз", "Сізге барлық образ жараса кетеді", "Сіз шарап секілді жыл сайын тек жақсара түсесіз", "Өміріңіз де осындай ашық түстерге толы болсын", "Мінсіз мүсінді ару", "Керемет, бәрі жарасады өзіңізге", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918704-minsiz-aru-madina-saduaqasova-erekse-obrazyn-pas-etti-foto/

pixel