RU

"Махаббатыммен бөліскім келді": Исабекова жолдасымен жаңа фото жариялады

Мақпал Исабекова жолдасымен
Фото: Instagram/makosyai

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде жолдасымен жаңа суретін жариялап, өзіне бақыт тілеген көпшілікке алғысын жеткізді. Эстрада жұлдызы өзінің махабат хикаясы ел арасында кең таралып, асқан қолдауға ие боларын күтпегенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова тұрмысқа шыққалы желіде белсенді болып, жанкүйерлерімен өз махаббат хикаясымен бөлісіп жүр. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырмандарына жолдасымен қалай танысқанын егжейлі-тегжейлі түрде айтып берді.

Алайда, өз қуанышымен бөліскен әнші жеке өміріне қатысты жаңалық үлкен резонанс тудыратынын күтпеген. Ол өзі үшін аса қуанышты болған көпшіліктің жылы лебізіне, ақ тілектер легіне тәнті болғанын айтты.

"Шынымды айтсам, өз хикаяммен бөліскенде ел арасында осындай шу тудыратынын күткен жоқпын. Жаныңа жақын өз адамыңды жолықтырып, шынайы махаббатқа тап болғанда онымен бөліскің келеді екен. Өз сүйіктісін кездестеруден үмітін үзген әрбір қыз сенімділікке ие болғанын қаладым. Тұрмысқа уақытылы шығу керек деген ойға қонымсыз қағидаларды жоққа шығарғым келді.
Әрқайсыңызға өз махаббатыңызды жолықтырып, бақытты болулпрыңызды тілеймін. Алла бұйыртсын. Өзіңізге, өз сезіміңізге, жаратушыға сеніңіз. Алла тағала сіздің қайталанбасжаныңызды сіз үшін сақтап жүр. Бізге білдірген әрбір ақ тілектеріңіз үшін рахмет. Мен оларды еселеп сіздерге жолдаймын. Жолдасым екеуміз жайлы әлі де көп жазуыма болар еді. Алайда, махаббат хикаямыздың ары қарай өрбуін өзімізге, балаларымызға, болашақ немерелерімізге қалдырған жөн деп санаймын", - деп ағынан жарылды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918717-maxabbatymmen-boliskim-keldi-isabekova-zoldasymen-zana-foto-zariyalady/