Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелге кеткен Ләйлә Сұлтанқызы демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қос ұлымен және туыстарымен шетелге демалысқа аттанды. Ақпарат өкілі ыстық мекенде қалай уақыт өткізіп жатқанын Instagram парақшасында белсенді түрде көрсетуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде асқан белсенділік танытып, шетелдегі демалысы қалай өтіп жатқанымен бөлісіп жүр. Тележүргізуші күніге жаңа суреттер мен қызықты жазбаларда жариялауда.

Ақпарат өкілі демалу үшін Түркияның Бодрум қаласына баруды жөн көрген. Ол жерге журналиспен бірге оның екі ұлы мен жақын туыстары аттанған.

Ләйлә Сұлтанқызы демалысына қарамастан оқырмандарымен әркез байланысқа шығып, оларға саяхатының қызықтарымен бөлісуде. Күні кеше ғана ол өзінің басынан өткен сұмдық жадғаймен бөліскен болатын. Тележүргізуші суға батып, өліп кете жаздаған.

Желі қолданушылары ыстық мекенде демалып жатқан Сұлтанқызы үшін қуанып, оған елге аман-есен оралуын тіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1918831-setelge-ketken-laila-sultanqyzy-demalysy-qalai-otip-zatqanyn-korsetti-foto/

pixel