Мадина Сәдуақасова ұлының туған күнін ерекше атап өтті (фото, видео)
Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова жалғыз ұлы Әнуардың туған күнін ерекше атап өтті. Өнер иесі баласының жеті жасқа толуына орай оған естен кетпес мерекелік кеш ұйымдастырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Мадина Сәдуақасова ұлының туған күнін Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өткізген. Мерекелік шараға көбіне Әнуардың достары шақыртылған. Балалар таза ауада ас ішіп, ойын ойнап керемет уақыт өткізген.
Өнер иесі туған күн кеші қалай өткенін өзінің Instagram парақшасында көрсетті. Ол отбасылық қуаныштан фото және видеомен бөліскен.
Әнуардың туған күнінде ата-анасының отбасылық достары да бой көрсеткен. Қонақтар оны арнайы құттықтап, өз сыйлықтарын тарту етті.
Желі қолданушылары да көпшіліктің құттықтауына қосылып, желіде өз ақ тілектерін жаудырды.
"Бақытты бол Әнуар", "Туған күні керемет өткен екен. Балалар үшін ғана ұйымдастырылғаны көрініп тұр", "Жолы ашық болсын. Ел сыйлар азамат болып өссін", "Мадина ханым балаңыздың қызығына тоймай жұре беріңіз", - деп жазуда олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1919060-madina-saduaqasova-ulynyn-tugan-kunin-erekse-atap-otti-foto-video/