RU

"Кішкентай қыз ғой": Жас актрисамен видеоға түскен Shakenti қызу талқыға қалды

Шәріп Серік пен Тамирис Жанғазинова
Видеодан кадр: Instagram/tamiriszhangazinova

Жақында ғана атышулы әнші Say Mo-мен ажырасып кеткен актер Шәріп Серік жаңа арумен көзге түсіп қалды. Өнер иесі жас актриса Тамирис Жанғазиновамен бірге видеоға түсіп, елдің қызу талқысын тудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш бейнежазба Тамирис Жанғазинованың Instagram парақшасында пайда болған. Видеода жас актрисаның Шәріп Серіктің қолынан ұстап тұрып билегені көрініс тапты.

Алайда, бойжеткеннің қимылдары қалың көпшілікке ұнай қойған жоқ. Желі қолданушылары аруды сынға алып, Shakenti екеуіне қатысты пікірлерді жаудырды.

Оқырмандардың басым көпшілігі Тамиристі Шәріп Серіктің бұрынғы әйелі Мөлдір Есембекпен қатты салыстырды.

"Бұл да сол Say Mo-ның ар жақ бер жағы болайын деп тұрғой", "Мынау кішкентай қызғой құрсын! Бұлда шошаңдап бара жатырма", "Бұл тіпті кішкентай қыз емес пе", "Мына биі болмады. Бұл жігітке өзін барынша қарапайым ұстайтын қыз керек", "Бұл қыздың жолдасы бар ғой. Тұрмыс құрған секілді еді", "Бұған бәрі жарасады. Тек анасына ұнамайды", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1919214-kiskentai-qyz-goi-zas-aktrisamen-videoga-tusken-shakenti-qyzu-talqyga-qaldy/