RU

Әйгілі Киану Ривздан айнымайтын оралдық жігіт желі жұлдызына айналуда

Альберт Масуатов
Фото: Instagram/albert_masuatov

Орал қаласының тұрғыны Альберт Масуатов күллі әлемге танымал актер Киану Ривзға қатты ұқсайтынын осындан бірнеше жыл бұрын байқаған. Қазіргі таңда 35 жастағы отандасымыз әйгілі жұлдыздың образын қолдана отырып, әлеуметтік желілерде видео жариялауда деп жазады KAZ.NUR.KZ

Альберттің әйгілі Киану Ривзбен ұқсастығы туралы алғашқылардың бірі болып оның қарындасы айтқан болатын. Бойжеткен ағасымен бірге "Жылдамдық" фильмін көрген соң осындай пікір білдірген. Ол кинода актер арнайы мамандандырылған қызметкер ретінде әрекет етіп, барлығын террористтен құтқарады.

"Менде актерлік шеберлік жоқ. Актерлікке еш жерде оқымағанмын. Алайда, бір күні менің әріптесім маған видео түсіріп6 оны Tik-tok желісіне жариялауды ұсынды. Мен солай істедім. Костюм киіп, шаш үлгісін жасап өзімді әйгілі фильмдегі ДЖон Уик ретінде сезіндім. Менің бір роликтерімнің бірі 700 мың қаралым жинаған. Мені жарнамаға түсуге шақырып жаза бастады", - Альберт Масуатов.

Айта кету керек, Киану Ривздің қазақстандық сыңары отбасылы азамат. Оның үш баласы бар. Алберттің айтуынша, жанұясы осы күнге дейін оның әйгілі жұлдызбен ұқсастығын байқамай келген.

Оралдық Киану Ривз зауытта жүк ілдіруші болы қызмет етеді. Жұмысы ауыр болғандықтан оның шығармашылық эксперименттеріне аса уақыты жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1919255-aigili-kianu-rivzdan-aumaityn-oraldyq-zigit-zeli-zuldyzyna-ainaluda/