Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айнымайды": Желідегілер Жұлдыз Әбдікәрімованы танымал үнді актрисасына ұқсатуда (фото)

Опубликовано:

Рекха Ганешан мен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Жұлдыз Әбдікәрімованың оқырмандары оның танымал үнді актрисасы Рекха Ганешанға қатты ұқсайтынын жарыса жазуда. Олар тіпті қос арудың суреттерін өзара салыстырып өткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жанкүйерлері өзіне жолдаған видеомен бөлісіп, көпшіліктің қызу талқысын тудырған. Бейнежазбада Рекха екеуінің суреттері көрсетілген.

"Оқырмандарым жіберіпті. Қаншалықты ұқсастық бар екенін білмедім. Бағасын сіздерге қалдырдым", - деп жазып қойған Қайрат Нұртастың жары.

Желі қолданушылары қос актрисаның өзара ұқсастығын бірден байқап, оларға қатысты пікірлерін қарша жаудырды. Алайда, желі қолданушылардың арасында өнер иелерінің бір-біріне мүлдем ұқсамайтынын жазғандар да бар болып шықты.

"Біздің қазақтың қызы, индияның қызынан әдемі", "Ешқандай ұқсастық көріп тұр ған жоқ", "Рекханың көзқарасы мүлдем басқаша. Ұқсамайсыңдар", "Осыны бұрыннан ойлайтынмын осы актрисаға ұқсайтыныңызды. Тура көшірмесі", "Қатты ұқсайды екенсіздер", "Ұқсас тұстарыңыз бар. Бірақ, көздеріңіз кішкене өзгешелеу", "Айнымайды екенсіз. Недеген ұқсастық", "Рекхаға ешкім жетпейді", "Бұл актрисадан әлдеқайда сұлусыз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1919420-ainymaidy-zelidegiler-zuldyz-abdikarimovany-tanymal-undi-aktrisasyna-uqsatuda-foto/

pixel