Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бозжыра шатқалында фотосессия жасаған Жолановаға ел тәнті болды (фото)

Опубликовано:

Гүлназ Жоланова
Фото: Instagram/zholanova_gulnaz

Отандық танымал актриса Гүлназ Жоланова еліміздің әсем жерлерінің бірінде фотосессия өткізіп, барша жанкүйерлерін бір қуантты. Өнер иесі Бозжыра шатқалына арнайы барып, желіде ерекше суретімен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлназ Жоланова аса ерекше фотосессиясын Instagram парақшасында жариялаған. Суретте актрисаның қазақи образда Бозжыра шатқалында тұрғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары өнер иесінің жаңа суретіне тәнті болып, оған деген жылы лебіздерін білдірген. Олар Жоланованы ұлттық киімде көріп тәнті болғандарын да жасырмады.

"Қандай әдемі", "Әдемі локация. Әдемі ару", "Мына фото мінсіз болып шығыпты", "Қазақи образ сізге өте жарасады", "Маңғыстау өлкесі тарихқа толы ғой. Мына әсем табиғатты ұлттық образыңызбен керемет толықтырып тұрсыз", "Өте әдемі фотосессия шығыпты", "Фотограф өз жұмысын керемет орындап шыққан", "Қазақтың сұлу қызы", "Өз туған мекенінде фотосессия жасапты. Жарайсың, Гүлназ", - деп жазуда желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1919425-bozzyra-satqalynda-fotosessiya-zasagan-zolanovaga-el-tanti-boldy-foto/

pixel