Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі "На-На" тобының 50 жастағы әншісі 26 жастағы арумен шаңырақ көтергенін айтты

Опубликовано:

әнші11
Фото: vova_politov / Instagram

"На-На" тобының 50 жастағы мүшесі Владимир Политов осы жылдың 14 қаңтарында екінші рет үйленгенін айтты. Өнер иесі жеке өміріне қатысты жаңалықтармен НТВ арнасындағы "Секрет на миллион" бағдарламасында бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Владимир Политовтың таңдауы 26 жастағы Ольга есімді аруға түскен. Бойжеткен Мәскеуге Благовещенскден келген. Қазір ол ірі көлік компаниясында жұмыс істейді.

"Біз алғаш рет Благовещенскде концерттен соң кездестік. Бұл 2017 жыл болатын. Ол концерттен соң құрбыcы екеуі менімен суретке түскісі келетінін айтып, маған смс жазды", - деп сол күнді есіне алды әнші.

Владимирдің айтуынша, бұл қыс айы болатын.

"Ол қалың киініп алған екен. Бірінші көргенде сыпайы көрінді. Кейін маған суретті жіберді. Ол сұлу", - дейді әнші.

Владимир мен Ольга осыдан кейін смс арқылы хабар алмасып жүрген. Оқуын бітірген соң бойжеткен Мәскеуге жұмыс істеуге келген. Кейін өнер иесі мен Ольганың арасында сезім пайда болып, әнші сүйіктісіне бірге тұруға ұсыныс жасаған. Олар аздаған уақыт бірге тұрған соң, заңды түрде некеге тұруға шешім қабылдаған.

"Біз АХАЖ-ға барып, некеге тұрдық. Осыдан кейін Ольга жұмысына мен түсірілімдерге кеттім. Қазір балалы болуды армандап жүрміз", - дейді Владимир Политов.

Әнші сүйіктісінің бірінші ұл бала сыйлағанын қалайды. Себебі өнер иесінің алғашқы некесінен қызы бар. Ол жақында 21-ге толады. Бойжеткен әкесінің екінші әйелінен небары 5 жасқа кіші.

Айта кетейік, 1989 жылы құрылған әйгілі "На-на" тобы қазақстандықтарға "Боз жорға" әнімен танымал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1919662-aigili-na-na-tobynyn-50-zastagy-ansisi-26-zastagy-arumen-sanyraq-kotergenin-aitty/

pixel