Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайтадан бірге": Қайрат Нұртас отбасымен ерекше демалыс өткізуде (фото)

Опубликовано:

Қайрат пен Жұлдыз балаларымен
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртас отбасымен бірге демалыс өткізуде. Бұл туралы оның келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімованың жазбасынан белгілі болды. Актриса желіде отбасылық фото жарияап елді қуантып қойды. Көпшілік біраз уақыт бойы бірге көрінбей кеткен ерлі-зайыптылардың қайтадан бірге бой көрсеткендеріне риза болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыз Әбдікәрімова ерекше жанұялық фотосын Instagram парақшасында бөліскен. Онда ерлі-зайыптылардың бала-шағасымен дастархан басында отырғанын көруге болады.

Жұлдызды отбасы бүгінде елордада демалыс өткізіп жатыр. Актрисаның сөзінше, бастапқыда олар шетелге ұшу керек болған. Алайда, Нұр-Сұлтан қаласында жұмыстары бітпей қалғандықтан, оларға елордада қалуға тура келді.

Орын алған жағдайларға қарамастан ерлі-зайыптылар балаларының көңілін қалдырмас үшін оларға керемет демалыс ұйымдастырған.

"Алғашында отбасымызбен теңіздің жағасында демаламыз деп жоспарлаған едік. Бірақ Нұр-Сұлтандағы бір-екі жұмысымыз аяқталмай, сәл күте тұруды шештік. Жолға шығамыз деп жүрген балалардың көңілі түспесін деп, елордадағы қонақүйде естен кетпес демалыс өткіздік. Қызмет көрсету сапасынан бастап, асханасы бәрі-бәрі ұнады. Әсіресе бассейн,спа зонасы керемет.иОтбасымызға шетелге шықпай-ақ шетелдегідей демалыс сыйлағандарыңыз үшін рақмет", - деп жазды Жұлдыз.

Желі қолданушылары балаларымен бірге уақыт өткізіп жүрген Қайрат пен Жұлдызға тәнті болып, оларға өз тілектерін жаудырды.

"Қайтадан бірге ме", "Дұрыс балаларың үшін бірге болғандарың дұрыс", "Реніштерің басылған сияқты ғой", "Жұлдызды жанұяны толық құрамда көріп риза болып отырмын", "Бақытты болыңыздар. Өкпе-реніш болмасын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1919785-qaitadan-birge-qairat-nurtas-otbasymen-erekse-demalys-otkizude-foto/

pixel