Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енеме актриса екенімді түсіндіре алмайсың": Сая Оразғалиева ауылда қалай киінетінін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Сая Оразғалиева туыстарымен
Фото: Instagram/saya_orazgaliyeva

Отандық танымал актриса Сая Оразғалиева жолдасының ата-анасына ауылға барғанда қалай киінуге мәжбүр екенін көрсетті. Ол енесіне өзінің ел алдында жүрген актриса екенін түсіндіре алмайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сая Оразғалиева Instagram парақшасында шоу-бизнес жұлдызы үшін аса ерекше образын паш етті. Актриса ата-енесінің үйіне барғанда қалай киінетінін көрсетті.

Фотодан өнер иесінің көк көйлек пен жасыл түсті шұлық киіп алғанын байқауға болады. Оның үстіне ол басына орамал тартып, аяғына ақ аяқ киім киген.

"Енеме актриса екенімді түсіндіре алмайсың. Ауылда мен келінмін", - деп жазды Сая.
Сая Оразғалиеваның Stories-і
Сая Оразғалиеваның Stories-і. Скриншот: Instagram/saya_orazgaliyeva

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920047-eneme-aktrisa-ekenimdi-tusindire-almaisyn-saya-orazgalieva-auylda-qalai-kiinetinin-korsetti-foto/

pixel