Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түркиядан үй сатып алмаймын": Ерке Есмахан демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетті (фото, видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан бүгінде жақындарымен Түркияда демалып жатыр. Өнер иесі желіде жанкүйерлеріне саяхаты қалай өтіп жатқанын көрсетуде. Оған қоса, эстрада жұлдызы шетелге тек демалып қайту үшін барғанын айтты. Ол өзге әріптестері секілді Түркиядан үй сатып алуға ниетті емес екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram парақшасында асқан белсенділік танытып, қалың көпшілікке түрік еліндегі демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетіп жүр. Өнер иесі Стамбул қаласының әсем жерлерін аралап, саяхатынан алған әсерімен бөлісуде.

"Түркияда таң ерекше атты. Шағалалар қиқулап оятты. Ұйқыдан ояна сала терезені ашып жіберіп, теңіздің ауасымен тамсана тыныстап әдемі күнді бастадық. Топкапы, Айя София мешіттерінде қыдырдық. 537 жылы салынған мешіттің ішінде Сұлтан Сүлеймандардың жүрген жерлерін көрдік. Әр келген сайын ерекше сезімде боламын", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар, эстрада жұлдызы Түркияда өзінің жақын құрбыларының бірі Айнұр Тұрсынбаеваның шаңырағында қонақта болып қайтқан.

Желі қолданушылары Еркенің Түркияға тек демалу үшін ғана емес, өзге әріптестері секілді үй сатып алу үшін барғанын қызу талқылап жатыр. Өзіне қатысты бұл пікірталасты байқаған әнші бірден жанкүйерлерімен байланысқа шығып, олардың көкейіндегі сұраққа жауап берді.

"Түркияға, Стамбулға ғашықпын, бірақ, бұл жаққа көшіп келіп тұра алмайтынымды түсіндім! Үй де сатып алмаймын! Тек анда-санда сағынғанда қыдыруға келіп тұрамын! Айттым, бітті", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920079-turkiyadan-ui-satyp-almaimyn-erke-esmaxan-demalysy-qalai-otip-zatqanyn-korsetti-foto-video/

pixel