Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айыппұлын төледік": Кенжебек Жанәбілов карантинді бұзып, тойға барғанын мойындады

Опубликовано:

Кенжебек Жанәбілов
Фото: Instagram/kenzhebekmuzart

"МузАрт" тобының мүшесі Кенжебек Жанәбілов карантин шараларын бұзып, тойға барғанын мойындады. Өнер иесі ашыла сұхбат беріп, мерекелік шарада ұсталған сәтін есіне алды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кенжебек Жанәбілов карантин кезінде орын алған оқиғаны "Ер-батыр" бағдарламасына берген сұхбаты барысында баяндап берді. Өнер иесі Қайрат Нұртаспен бірге Алматыда өткен тойда мониторингтік топқа ұсталғанын растады.

Эстрада жұлдызы шектеу шараларын бұзғандықтан жауапкершілікке тартылып, өзіне тағылған айыппұлды төлеген.

"Болдық. Оның несір жасырамыз? Барлық әлеуметтік желіге шықты. Менің түр-әлпетім жоқ болса да, аты-жөнім тұрды. Қандай шаралар бар, соны біз істедік. Мойнымызға берілген ақыны төледік. Ары қарай ешқандай шу болған жоқ", - деді әнші.

Сонымен қатар, өнер иесі коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға қатысты өз ойын айтты. Жанәбілов алдағы уақытта отбасымен екпені алуға ниетті екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920083-aiyppulyn-toledik-kenzebek-zanabilov-karantindi-buzyp-toiga-barganyn-moiyndady/

pixel