Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәния Джуринская мен Данияр Хизметов үйлену тойын жасады (видео)

Опубликовано:

Жәния Джуринская күйеуімен
Фото: Instagram/djurinskaya

Некелерін өткен жылы қиған Жәния Джуринская мен оның жолдасы Данияр Хизметов үйлену тойын өткізді. Ерлі-зайыптылар екі адамға арналған мерекелік шара ұйымдастырған. Олар табиғат аясында романтикалық фотосессия жасап, бір-біріне махаббат пен адалдық сертін берді. Жас жұбайлар барша туыстары мен жақындары үшін үлкен тойды күзде өткізуді жоспарлап отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жәния Джуринская жолдасы екеуі өздері үшін үйлену тойын ұйымдастырғанын Instagram желісінде хабарлады.

"Бүгін екеумізге ғана арналған той болды. Туыстарымыз бен жақындарымыз үшін той күзде болады", - деп жазды өнер иесі.
Жәния Джуринская күйеуімен
Фото: Instagram/djurinskaya
"Сен менің өмірімде орын алған ең қуанышты сәтсің", - деді Жәния.
Жәния Джуринская күйеуімен
Фото: Instagram/djurinskaya
"Өмірімдегі ең бақытты күндерімнің бірі. Мен қалыңдық көлйегін киіп, саған махаббат сертін бердім. Біз бір-бірімізге сақина тақтық", - деп жазды актриса.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптылар үшін аса қатты қуанып, оларға өз ақ тілектерін жаудырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920235-zaniya-dzurinskaya-men-daniyar-xizmetov-uilenu-toiyn-zasady-video/

pixel