Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйде ауырмаған адам қалмады": Дана Нұржігіттің жақындары коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Дана Нұржігіт
Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Отандық танымал тележүргізуші Дана Нұржігіттің жақындары бірінен соң бірі коронавирус жұқтырып, қауіпті дертті әрең ңсерген. Ақпарат өкілі жанұясындағы ауыр жағдайды әлеуметтік желіде баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Нұржігіт Instagram парақшасында оқырмандарымен байланысқа шығып, өзінің жоқ болып кетуінің себебін түсіндірді. Тележүргізуші жақындары ауырып қалғандықтан, бар көңілі мен уақытын соларға арнағанын алға тартты.

Белгілі болғандай, журналистің отбасы мүшелері коронавирус жұқтырған. Ол қалың көпшілікті той-томалақты тоқтатып, барынша сақтанып жүруге шақырды.

"Қайырлы күн,қымбатты оқырмандарым! Желіде отыратындай жағдай болмады. Індет өршіп,қайта қаһарына мінді. Сақ болыңыздар! Әлім, анам, атамыз екі апта бойы ем қабылдап, ковидтің қақпанынан босап шықты. Енді біздің үйде ауырмаған адам қалмады.Бәріміз бір аунап тұрдық.
Жолдасым, өзім вакцина салдырдық. Үлкен кісілерге жарты жылдан кейін деді. Той-тұмалақты, жиындарды тоқтату керек! Біздің үйдің үлкендері енді түсінді-ау! Бір түнде ауруханаға 31 адам түскенде! Қанша айтқанымда,"Құдай сақтасынмен" қайтаратын. Маңдайға тимейінше сенбейтінімізді-ай осы", - деп ағынан жарылды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920651-uide-auyrmagan-adam-qalmady-dana-nurzigittin-zaqyndary-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel