Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"COVID-19 маған да жетті": Әнші Лидо коронавирус жұқтырып алды

Опубликовано:

Лидо
Фото: Instagram/lido_kz

Бүгінде жанұясымен бірге Америка құрама штаттарында тұрып жатқан отандық танымал әнші Лидо коронавирус жұқтырып алғанын хабарлады. Өнер иесі енді екі апта бойы үйінде оқшаулануы керек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Лидо қауіпті індетке шалдыққанын өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Оқшаулану үрдісіне ерекше сәлем жолдаймын. Ковид маған да жетті. Достар, вакцина қайда қалды деп сұрап жатсыздар ғой. Сіздерге қандай ақпарат жеткенін білмеймін, бірақ Америкада бізге вакцина ковидтен қорғамайды, тек жұқтырған жағдайда жеңіл өтуіне көмектесетінін айтқан болатын. Айтпақшы Дубайдағы қонақ үйде 200-ге жуық адам оқшауланса, оның жартысы егілген" , - деп түсіндірді Лидо.

Өнер иесі коронавирус жұқтырса да, бүгінде жағдайы жақсы екенін алға тартты. Лидо тек тамағы жыбырлап тұрғанын жеткізді.

Лидоның Stories-і
Скриншот: Instagram/lido_kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920794-covid-19-magan-da-zetti-ansi-lido-koronavirus-zuqtyryp-aldy/

pixel