Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз концерт": Төреғали келіншегі мен ұлын перзентханадан ерекше алып шықты (видео)

Опубликовано:

Төреғали отбасымен
Видеодан кадр: Instagram/tattti_kyz

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі жары мен жаңа туған ұлын перзентханадан үлкен шоу-бағдарламамен алып шықты. Өнер иесі медициналық мекеме алдында шағын концерт ұйымдастырып жіберген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі өзіне бесінші перзентті сыйлаған келіншегін перзентханадан ерекше алып шығарды. Ол Толқынға естен кетпес тосын сый жасады.

Әншінің қос қарындасы желіде асқан белсенділік танытып, қалың көпшілікке анасы мен баласының перзентханадан шығу шарасы қалай өткенін көрсетті.

Өнер иесі медициналық мекеме алдында шарлармен безендіріліген баннер орнатып, дәстүрлі музыканттарды арнайы шақыртқан. Олар перзентхана алдында отырып, музыкалық аспаптарында ойнап жатты. Оған қоса, мерекелік шараға ұлттық киімдегі қазақтың алып батырлары да қосылды.

Төреғали мен Толқынды құттықтап барша ет-жақындары мен бірқатар өнер жұлдыздары да келген. Ерлі-зайыптылардың қуанышына ортақтасқан көпшілік әртістің жарын гұл шоқтарына көмкерді.

Концерттік бағдарлама соңына жеткен кезде көпбалалы отбасы ерекше ақ түсті көлікке мініп кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920865-nagyz-koncert-toregali-kelinsegi-men-ulyn-perzentxanadan-erekse-alyp-syqty-video/

pixel