RU

Ақбота Сейітмағамбет: Дәуренмен тағдырымыз тоғыспаса да, жұмысымыз тоғысып тұр

Дәурен, Ақбота Айдарқұловтар
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет бұрынғы жолдасы Дәурен Айдарқұловпен бір киноға түскенде қандай сезімде болғанын ашып айтты. Өнер иесі экс-жұбайымен жұпты ойнау аса оңай болғанын жасырмады. Әртіс балаларының әкесімен тағдыры тоғыспаса да, жұмысы тоғысып жатқанын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет "Папарацци" бағдарламасына сұхбат беріп, бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловпен бір телехикаяға түскеніне қатысты пікір білдірді.

Ол түсірілім алаңында экс-ғашығымен жұмыс істеу өзіне оңай болғанын айтты.

"Тағдырымыз тоғыспаса да, жұмысымыз тоғысып тұр. Негізі ондай сөз жоқ. Бірақ, бір салада жүргеннен кейін бірге түсеміз. Оның үстіне өздеріңіз білетіндей бала-шағамыз бар. Мен үшін Дәуренмен ойнау қиынға соқпады. Өзінен сұрасаңыздар да болады. Мүмкін біз бір-бірімзге үйреніп қалғандықтан болар. Мүмкін жұмысқа келген кәсіби тұрғыдан қараймыз. Сол үшін де шығар", - деді актриса.

Бұрынғы жолдасы үшінші мәрте үйленудің қамын ойлап жүрген болса, Ақбота да жақсы азамат кезіккен жағдайда екінші рет тұрмысқа шығуға дайын екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920875-aqbota-seitmagambet-daurenmen-tagdyrymyz-togyspasa-da-zumysymyz-togysyp-tur/