Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыз болады деп ойладым": Дильназ Ахмадиеваның екінші сәбиіне аяғы ауыр екені рас па

Опубликовано:

Дильназ Ахмадиева
Дильназ Ахмадиева. Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әнші Дильназ Ахмадиева алғаш рет қалың көпшілікке ұлы Зейданның суретін көрсетіп, екінші жүктілігіне қатысты сөз қозғады. Желі қолданушылары өнер иесінің жақында тағы да балалы болатынын болжауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дильназ Ахмадиева көпшіліктің көкейінде жүрген сауалға өзі жауап берді. Әнші қазіргі уақытта аяғы ауыр емес екенін айтты. Ол жаз мезгілінде барынша жұмыс істеп, табыс табуға ниетті екенін жеткізді.

Алайда, күз айларында өнер иесі тағы да балалы болудың қамына кіріспек. Ахмадиева қызы болғанын қатты қалайтынын айтты.

"Аяғым ауыр кезде қыз болады деп ойладым. Бірақ, менің құрбым Нұргүл Нұғыманова ұл болатынын бірден айтты. "Мен сенің ер баланы туатынынды білдім" деді ол. Меніңше, бұл адамның мінезіне байланысты. Мен өзім де ұл бала секілдімін, сол себепті ер баланы дүниеге әкелдім. Қызға әлі күш жинап алу керек. Күзде қыз балаға барып қаламын-ау. Әзірге ерте, жазда жұмыс істеп қалу керек. Өйткені, пандемия кезінде тек үйде отырдым", - деді Дильназ Ахмадиева "Папарации" бағдарламасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1920877-qyz-bolady-dep-oiladym-dilnaz-axmadievanyn-ekinsi-sabiine-ayagy-auyr-ekeni-ras-pa/

pixel