Top.Mail.Ru

Зектілері

Ерке Есмахан: Сүйіктімнің сүйіктісі болып, еркелеп жүргеніме шүкір

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан желіде ерекше жазба жариялады. Өнер иесі бүгінгі сүріп жатқан өміріне шүкіршілік білдіріп, қазіргі уақытта өзінің аса бақытты екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бақыттан басы айналып жүрген Ерке Есмахан Instagram парақшасында өзінің қазіргі күйі қандай екенін бөлісті.

Эстрада жұлдызы өмірінде болып жатқан әрбір сәті үшін алдымен жаратушыға, одан кейін барша жақындарына алғысын білдірді.

Әншінің сөзінше, өмірде махаббатқа, сыйластыққа, ауызбіршілікке жетер ештеңе жоқ. Өнер иесі бүгінде сүйіктісімен бірге ел аралап, демалып жүргеніне қуанышты екенін жеткізді.

"Әр күніме шүкір айтам. Әуелі Аллаға сосын айналамдағы жақындарыма шексіз ризамын. Өмірде махаббатқа, сыйластыққа, ауызбіршілікке жетер ештеңе жоқ. Бірлік бар жерде несібе мен береке бар. Сүйіктімнің сүйіктісі боп, еліме еркелеп, ел аралап, алаңсыз демалып жүргеніме сансыз шүкір. Бәріңіз осындай жерлерде демалуға лайықсыздар! Шын жүрегімнен ең жақындарыңыздың ортасында, сүйіктіңіздің қасында, амандықта, ел аралап, жер көріп рахат өмір сүрулеріңізді тілеймін. Әр оқырманым бай, қуатты болсын", - деп жазды Ерке.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921592-erke-esmaxan-suiiktimnin-suiiktisi-bolyp-erkelep-zurgenime-sukir/