Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тату-тәтті": Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова Көлсайда демалып қайтты (фото)

Опубликовано:

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова өз жанкүйерлерін қуантты. Көптен бері бірге көрінбей кеткен ерлі-зайыптылар Көлсайда демалыс өткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат пен Жұлдыз әсем табиғат аясындағы демалыстары қалай өткенін Instagram желісінде көрсетті. Көпбалалы ата-ана өз парақшаларында фото мен видео жариялап, елді тәнті етті.

Желідегілер ерлі-зайыптыларды қайтадан бірге әрі бақытты күйде көргендеріне қуанып, өздерінің жылы лебізін білдірді.

Жұлдызды жұп бұл жолы демалысқа тек екеуі ғана барған. Көлсайдан ерекше әсер алған олар келер жолы балаларымен келетіндерін айтты.

"Қандай керемет", "Сіздерді қайтадан бірге көрген бір қуаныш", "Сіздер үшін қуаныштымын", "Осылай бірге жүріңіздерші адамның жүрегін ауыртпай", "Бақытты болыңыздар. Бірге көрсем қуанамын", "Тату-тәтті болып жүре беріңіздерші. Адамды алаңдатпай, жүректерді ауыртпай бірге жүріңдер", "Бақыттарың ұзағынан болсын. Әркез сіздерге тілекшімін", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921627-tatu-tatti-qairat-nurtas-pen-zuldyz-abdikarimova-kolsaida-demalyp-qaitty-foto/

pixel