Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелдегі сіңлісімен қауышқан Жазира Байырбекова ел жүрегін елжіретті (видео)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова жылап тұр
Видеодан кадр: Instagram/zhazira_bairbekova

Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова отбасылық видео жариялап, барша жанкүйерін жылатты. Өнер иесі Америкадан елге оралған сіңлісімен сағыныса қауышып, ел жүрегін елжіретті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова бірнеше жыл бойы Америка құрама штаттарында тұрып келген сіңлісінің елге оралғанын хабарлады.

Эстрада жұлдызы тіпті Instagram желісінде туғанымен қауышқан сәтті көрсеткен. Ол жанұясындағы әсерлі сәттен видео жариялап, ел жүрегін елжіретті.

Өнер иесі сіңлісін көрген бойда көз жасына ерік берген.

"Менің бауырым, сіздердің сүйікті жазушыларыңыз Назира Байырбек келді елге! 35 сағаттық жолдан шаршап келгеніне қарамай эмоцияларды түсіріп алды. Отбасымызбен көңіліміз бос адамдармыз. Әдет па, мінез ба, болмыс па білмеймін. Қанша “енді мықты боламыз, көз жасымызға ерік бермейміз” десек те болмайды. Қуансақ та, толқысақ та. Көз жасымыз тек қуаныштан болсын. Сіңіліңіз қайдан келді деген сұрақтар көп келіпті. Америкадан", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921635-seteldegi-sinlisimen-sagyna-qauysqan-zazira-baiyrbekova-el-zuregin-elziretti-video/

pixel