Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құса салатын жер емес": Ләйлә Сұлтанқызы өзін сынға алғандарды орнына қойды

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы желіде өзіне ауыр сыни пікірлер жазған жандарға ескерту жасады. Тележүргізуші енді жеке басына өтіп, намысқа тиетін сөздер жазуға жол бермейтінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы өзін аяусыз сынға алғандарға шүйлігіп, Instagram желісінде оларға азулы жазба арнады.

Оқырмандарына деген ренішін жеткізген ақпарат өкілі бұдан былай парақшасындағы пікірлерді тексеріп отырмақ. Тележүргізуші өзін орынсыз сынап, ойына келгенін жазатындарды қара тізімге кіргізетінін жеткізді.

Сұлтанқызының сөзінше, оған сан емес, сапалы аудитория керек.

"Аузым бар екен деп. Көпке топырақ шашудан аулақпын. Бірақ кейбір оқырмандар шектен шығып кетеді. Әркімнің жеке пікірі бар. Ойын ортаға салсын. Менің парақшам талқы алаңы болсын. Қарсы емеспін. Бірақ, жеке басыма өтіп, намысқа тиетін сөздер жазуға жол бермеймін. Бұған дейін бәріне көз жұмып келдім. Тіпті рекламасын тықпалай беретіндерге ештеңе демедім. Мейірімді Ләйлә едім.
Бұдан былай менің парақшам құса салатын жер емес екенін ескерткім келеді. Кімде-кім жекеме өтетін болса, бірден банға кетеді. “Вакцина салдырдым” деген посттағы комменттерден бастаймын тазалауды. Маған сан емес, сапалы аудитория керек. Өз ойын ашық білдіре алатын, саналы оқырман болғанын қалаймын", - деп жазды ақпарат өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызының коронавирусқа қарсы вакцина салдырғанын жазған болатынбыз. Тележүргізуші екпені қабылдауды ашық түрде үгіттейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921643-qusa-salatyn-zer-emes-laila-sultanqyzy-ozin-synga-algandardy-ornyna-qoidy/

pixel