Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Міндетімді толық атқарамын": Сәдуақасованың Дубайдағы демалысы қалай өтуде

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова отбасымен
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова отбасымен бірге кезекті демалысына ұшып кетті. Жұлдызды жанұя бұл жолы Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанған. Өнер иесі ыстық мекендегі демалысы қалай өтіп жатқанын желі арқылы кқрсетуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында барынша белсенділік танытып, Дубайдағы фото мен видеоларымен бөлісуде. Өнер иесінің сөзінше, отбасылық демалысы өз ойындағыдай өтіп жатыр.

Эстрада жұлдызы оқырмандарына саяхаты кезіндегі қызықтары туралы айтып берді. Оған қоса, әнші ешкім білмейтін мәліметтерді де ақтарды.

"Шет елге отбасымызбен шықсақ, бізбен ешкім еріп бармайды. Байқасаңыз, сіңілдерім де, жақындарым да, Олжастың туысқандары да бізбен шықпайды. Үй күтушісі мен бала қараушы туралы айтып тұрғам да жоқ. Ондай жоқ. Әйел, мама деген міндетімді толығымен атқарамын. Оның үстіне ақымды алады. ”Көйлегім мыж-мыж үтіктеп берші, плавки қайда?" , "бас киімін кигізе салшы" , "ыстықтадық", ғимараттың ішінде жаурадық" , "ұйықымыз келді" , таңнан тұрып алып таңғы асқа баратын киімім дайын ба?! Ешқандай фотосессия күшті образдармен болмайды - ау бұл жолы. Осы суретке де шүкір деп тұрмын", - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Мадина Сәдуақасованың бағасы 115 млн теңге тұратын алғаны таққан суреті тарап, елдің қызу талқысына түскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1921962-mindetimdi-tolyq-atqaramyn-saduaqasovanyn-dubaidagy-demalysy-qalai-otude/

pixel