Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық режиссер әйел Лондондағы кинофестивальде ең үздік деп танылды

Опубликовано:

Шарипа
Фото: Instagram / sharipa_urazbayeva

Қазақстандық режиссер Шарипа Оразбаева Лондондағы Rainbow Film Festival халықаралық кинофестивалінде "Үздік режиссер әйел" атағына ие болды.

Бұл туралы Шарипа Оразбаеваның өзі желідегі парақшасында хабарлады. Режиссер Лондонда табысталған сертификаттың суретін жариялаған.

Фестивальде ол көпшілік назарына "Мәриям" фильмін ұсынған.

"Мен үшін күтпеген жаңалық болды. Лондон кинофестивалінде "ең үздік әйел режиссер" атағын иеленген екенмін. Бұл Лондондағы 22-ші Rainbow Film Festival кинофестивалі болатын", - деп жазды режиссер.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) Roses ремиксі үшін бірнеше халықаралық марапатқа ие болған еді.

15 наурызда Иманбек Зейкеновтің Roses әніне жасаған ремиксі "Грэмми" марапатын алса, кейін Billboard Music Award марапатын иеленген.

Сонымен қатар, қазақ домбырашылары британиялық Golden Time Talent шоуында топ жарғанын жазған болатынбыз.

Темірлан Олжабаев пен Ернат Наурыз Құрманғазы мен Нұрғиса Тілендиевтің күйлерін орындап, қазіргі заман туындыларынан попурри орындаған.

Одан бөлек, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Париждегі "Үлкен операның" алғашқы қазақстандық солисі Майра Мұхамедқызы халықаралық BraVo сыйлығымен марапатталғанын хабарлаған болатынбыз.

Бұл жүлде классикалық музыканың әлемге әйгілі ресейлік және шетелдік орындаушыларына беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1922338-qazaqstandyq-rezisser-aiel-londondagy-kinofestivalde-en-uzdik-dep-tanyldy/

pixel