Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айсұлтан Сейітов америкалық киім брендіне жарнамалық ролик түсіріп берді

Опубликовано:

Айсұлтан Сейітов
Айсұлтан Сейітов. Фото: instagram.com/aisultan

Қазақстанық клипмейкер Айсұлтан Сейітов америкалық Pacsun киім брендіне жарнамалық ролик түсіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айсұлтан Сейітов дайын бейнежазбаны өзінің Instagram парашасында жариялады.

Роликке танымал рэп орындаушы A$AP Rocky де қатысқан. Ол креативті директордың рөлін сомдайды. Сондай-ақ туындыдан рэп орындаушының бұрын жарық көрмеген әнін естуге болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін 2019 жылдың жаз айында Айсұлтан Сейітовтің клипі MTV Video Music Awards 2019 сыйлығына ұсынылғанын жазған едік.

Одан бөлек, Айсұлтан Сейітов Yves Saint Laurent атымен әлемге әйгілі болған люкс брендтің ролигін түсірген болатын.

Айта кетсек, Saint Laurent - Париждегі сән үйі. Оны Ивом Сен-Лоран мен оның серіктесі Пьер Бергер 1961 жылы құрған.

Атақты бренд 1999 жылдан бастап Gucci компаниясының иелігінде болды.Оның қазіргі уақыттағы дизайнері - Энтони Ваккарелло.

Ив Сен-Лоран өзінің сән үйінде бірқатар атақты киім үлгілерін шығарған. Оларға "Мондриан" көйлегі мен әйелдерге арналған Le Smoking костюмі, сафари күртелері мен ашық көйлектер жатады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1922920-aisultan-seiitov-amerikalyq-kiim-brendine-zarnamalyq-rolik-tusirip-berdi/

pixel