Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш "Новая волна-2021" байқауында қазылық ететін болды

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген 19-25 тамызда Ресейдің Сочи қаласында өтетін "Новая волна-2021" халықаралық жас орындаушылар байқауында қазылық ететін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқаудың ұйымдастыру комитетінің хабарлауынша, Димаш Құдайберген ""Новая волна-2021" байқауының ашылу құрметіне арналған концертке, қазылар алқасы мүшелерінің концертіне, конкурстың үшінші күні өтетін премьер концертке, шараның жабылу концертіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Байқаудың ақтық сынында Қазақстан, Австралия, Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Испания, Италия, Нидерланд және Ресей сияқты 10 елдің жас орындаушылары бақ сынайды.

Қазақстан атынан бұл өнер сайысына Mezzo тобы қатысады. "Новая волна" байқауы 2001 жылдан 2014 жылға дейін Латвияның Юрмала курортында өтіп келген болатын. 2015 жылдан бастап конкурс Ресейде өте бастады.

Еске салсақ, әнші жуырда ғана Беларусь елінде өткен "Славян базары" байқауында әділ қазылар алқасының құрамында болған еді.

Димаш Құдайберген байқаудың салтанатты ашылу рәсімінің алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Сұхбатында ол өзінің арманы және шоу бизнеске деген көзқарасы туралы ашық айтты.

Байқау кезінде қазақстандық әнші Рухия Байдукенова халықаралық фестивальдің Гран-приін жеңіп алды.

Ол бірінші кезеңінде-ақ әділқазылардың көзіне түсіп, топ жарған болатын. Ол шекті 70 баллдың 69-ын жинаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1923414-dimas-novaya-volna-2021-baiqauynda-qazylyq-etetin-boldy/

pixel