Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көп құтырған бір жылайды": Динара Сұлтан Түркияда қиын жағдайға тап болғанын айтты

Опубликовано:

Динара Сұлтан
Фото: instagram.com/dinara_sultan1

Танымал әнші Динара Сұлтан өмірлік серігімен бірге Түркияда демалуда. Өзінің Instagram желісіндегі парақшасында әнші шетелдегі басынан кешкен хикаясын бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ол жолдасымен бірге Бодрум қаласына электрлі көлікпен жолға шыққан. Алайда көлікті қуаттау кезінде қиындақтар туындап, әнші жолда қала жаздаған. Болған оқиғаны ол оқырмандарына айтып берді.

"Көп құтырған бір жылайды. Бір күн бұрын біздің ауылдан 250 км қашықтықта тұрған Бодрум қаласына, досымыздың туған күніне барып қайтқанбыз.

Көлікті басқа досымыздан алғанбыз. Электрикалық арба түрікше айтқанда. Жеттік. Көлікті зарядқа қойдық. Тойладық. Таңертең жолға шықсақ, көлігіміз 30 % тек зарядталыпты. Ойбуу деп қайтып зарядқа қойсақ бір сағатта тек бірнеше пайызға көтеріліпті. Жарайды 200 км жетер, болмаса жолда тоқтап зарядтаймыз деп жолға шықтық, Түкияда ауыл арасы жақын,маң далада қалып қоямыз деп қорықпайсың.

Сонымен зарядымыз 1 сағаттан кейін тез біте бастады, жолда аутлет бір үлкен магазин тауып алып қоссақ қосылмайды. Былай жүгірдік, былай жүгірдік розетка таба алмадық, бірақ электро машиналардың заряд алатын екі станциясы тұр оған арнайы карта болмады" , - дейді әнші.

Осылайша, көлікті қуаттау машақатқа айналған. Әншінің айтуынша, жолда олар бірнеше мәрте көлігін қуаттауға тырысқан. Алайда, арнайы қуаттағыштың болмауы себебінен, олардың бұл сапары нағыз шым-шытырық оқиғаға айналған.

"Сағат кешкі 18:00. Шыққанымызға 7 сағаттай болды. Менің уже жылағым келді, мынау не сұмдық деп (30 минутта 2% қуаттап, не болса о болсын деп ары қарай кеттік. Тура ауылға кірген кезде 0% көрсетті, жол төменге қарай болғандықтан орысша айтқанда розетқаға дейін докатились.
Жолдасымыз екеуміз қуаныштан жылап жібере жаздадық. 2-2,5 сағат жүретін жолға 8 сағат жүрдік", - деп жазған әнші.

Айтуынша, олар жол бойы арнайы карта болмағандықтан, көлікті дұрыс қуаттай алмаған. Алайда жеткен соң бұл картаны көліктің ішіндегі шынтақ қойғыштан тауып алыпты.

"Ең қызығы досымыздың үйінде тап сол станция бар екен, мәссаған деп басымызды тырнап тұрып, әлгі картаны тауып алдық - подлокотниктен. Көлікті толықтай зарядтау 3 сағат деп тұр.

Сонда ана картамен жол бойы жүріп келіп, екі колхозник қалай зарядтамадық.

Жол бойы біз бұндайға дайын емеспіз деп жыным ұстап келгенде. Түріктер дайын біз емес. Ал, Қазақстанда точно далада қалатын шығармыз", - деп баяндады әнші (авт. - орфография мен пунктуация толықтай сақталған).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1923905-kop-qutyrgan-bir-zylaidy-dinara-sultan-turkiyada-qiyn-zagdaiga-tap-bolganyn-aitty/

pixel