Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ашық образдағы Жолдыбаевалар ерлер қауымын естен тандырды (фото, видео)

Опубликовано:

Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар
Фото: Instagram/altynaizholdybayeva

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар желіде мінсіз мүсіндерін паш етіп, ерлер қауымын өздеріне қаратты. Арулардың ашық образдары ел арасында қызу талқыға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаевалар өз оқырмандарын жаңа суреттерімен қуантты. Бүгінде қос бикеш Түркия елінде демалып жатыр. Олар желіде асқан белсенділік танытып, күн сайын желі қолданушыларына демалыстары қалай өтіп жатқанын көрсетуде.

Өнер иелерінің әсем жерлерде түскен фото және видеожазбалары көпшілік назарына бірден түсуде. Әсіресе, ерлер қауымы Алтынай мен Кәмшаттың әр жазбасының астына жарыса пікір қалдырып жатыр.

"Керемет. Екеуің де мін жоқ", "Осындай тым сұлу болу заңды ма?", "Ғашықпын осы қыздарға. Жүректеріңді жаулауға мүмкіндік бар ма?", "Мінсіз ғой мүсіндері", "Недеген фигура. Көзімді аламай отырмын", "Видеоларын қарай бергің келеді", - деп жазуда ер азаматтар.

Алайда, Жолдыбаевалардың образдары барлығының көңілінен бірдей шыға қоймаған. Кейбір оқырмандар қос арудың тым ашық әрі ерсі киініп алғанына шүйліккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1924409-asyq-obrazdagy-zoldybaevalar-erler-qauymyn-esten-tandyrdy-foto-video/

pixel