Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеті жылда бір сөйлеспедік": Айсәуле Бақытбек алғашқы махаббаты туралы айтып берді

Жарияланған күні:

Айсәуле Бақытбек
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы оқырмандарына барынша жақын болу үшін оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Айсәуле Бақытбек қалың көпшілікке тіпті өзінің алғашқы махаббаты туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек Instagram желісінде сауалнама ашып, оқырмандары жолдаған сұрақтарға жауап беруге тырысқан. Желі қолданушыларын блогер аруға қатысты алуан түрлі тақырыптар қызықтырған. Олардың бірі тіпті отбасылы бикештің алғашқы махаббаты туралы білгісі келген.

Айсәуле оқырманының сауалын назарсыз қалдырмай, оған барынша шынайы жауап берген. Алагөзованың қызы махаббат сөзін біріншіден жолдасымен байланыстыратынын алға тартты. Алайда, алғашқы махаббаты басқа адам екенін мойындады.

"Махаббат туралы айтатын болсақ. Бұл сөздің аса терең мағынасын жолдасым Әлішермен байланыстырамын. Оған деген махаббатымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Ал "неге мені онымен бір партаға отырғызбайлы" деген мағынадағы махаббат туралы айтсақ, ол басқа адам. Бірінші мен жетінші сынып аралығында маған Жәнібек есімді өзімнің сыныптасым ұнайтын. Бұл хикая аса қысқа. Жәнібек сол жеті жылда маған бір сөз де айтпады, сөйлеспедік. Бірақ, мен де оған ұнайтынмын. Ақыры екеумізді бір партаға отырғызбады. Хикаяның соңы", - деп жазды Айсәуле.
Айсәуле Бақытбектің Stories-i
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1924733-zeti-zylda-bir-soilespedik-aisaule-baqytbek-algasqy-maxabbaty-turaly-aityp-berdi/