Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда фан-кездесу өткізген ресейлік блогерге айыппұл салынды (видео)

Опубликовано:

Гусейн Гасановті көруге келгендер
Видеодан кадр: instagram.com/gusein.gasanov

Ресейлік видеоблогер Гусейн Гасановқа Алматыда карантиндік шектеулер енгізілген тұста жанкүйерлерімен кездесу өткізгені үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Гасановқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Оған 30 АЕК, яғни, 87 510 теңге айыппұл салынды.

Еске сала кетсек, кеше, 29 шілдеде Гасанов Алматыда фан-кездесу өткізіп, оны полицейлер тоқтатты. Блогерді көруге қаланың "қызыл" аймақта тұрғанына қарамастан өте көп адам келген.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда жанкүйерлермен кездеспек болған блогердің жазаға тартылғанын жазған едік.

Жолда кетіп бара жатқан көлік видеоға түсіп қалған. Оның төбесіне жасөспірімдер шығып алған. Көліктің артынан тағы бірнеше адамның жүгіргені көрсетілген. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды.

Көлік ішінде Жандос есімді блогер бар екені анықталды, ол қалада жанкүйерлерімен кездесу өткізгісі келген, бірақ оған рұқсат бермеген көрінеді.

Осы ретте Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізушіге жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік кодексінің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1924802-almatyda-fan-kezdesu-otkizgen-reseilik-blogerge-aiyppul-salyndy-video/

pixel