Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келісім бермедім": Асылхан Төлепов өз суретін вакцинаны үгіттеуге қолданғандарға шүйлікті

Опубликовано:

Асылхан Төлепов
Фото: Instagram/assylkhantolepov

Отандық танымал актер Асылхан Төлепов әкімдік пен министрлікке үндеу жасады. Өнер иесі өзінің суретін вакцинаны үгіттеуге рұқсатсыз пайдаланып жатқанына шүйлікті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асылхан Төлепов бұл жайтқа қатысты өз наразылығын Instagram парақшасы арқылы жеткізген. Ол Stories бөлімінде шенеуніктерге арнайы үндеу жасаған.

Актер коронавирусқа қарсы екпені үгіт-насихат үшін емес, өзі үшін алғанын айтты.

"Қайырлы күн баршаңызға! Министрлік, әкімдікке қатысты. Вакцинация туралы посттарыңызға суретімді рұқсатсыз қолданбауларыңызды сұраймын. Мен өзім үшін алдым, үгіт-насихат үшін емес. Менен ешкім рұқсат сұрамады, сұрағандарға келісім бермедім! Рақмет", - деп жазды Төлепов.
Асылхан Төлеповтың Stories-i
Скриншот: Instagram/assylkhantolepov

Айта кетейік, елімізде індет әлі де өршіп тұр. Өткен тәулікте республика бойынша 7691 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Сонымен қатар, Қазақстанның барлық өңірлері дерлік "қызыл" аймақта тұр. Тек Түркістан облысы ғана әзірше "сары" аймақта орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1924883-kelisim-bermedim-asylxan-tolepov-ozinin-suretin-vakcinany-ugitteuge-qoldangandarga-suilikti/

pixel