Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есімі - Евгения": Есен Елеукен алғаш рет жеке өмірі туралы ашық айтты

Опубликовано:

Есен Елеукен
Есен Елеукен. Кадр: YouTube/ Timur Balymbetov

Танымал тележүргізуші Есен Елеукен алғаш рет бағдарлама эфирінде жеке өмірі туралы сөз қозғады. Айтуынша, жұбайы мен жалғыз қызы ел көзінен тасада жүргенді қалайды. Бұл туралы ол Тимур Балымбетовтың Er-Batyr жобасында айтты.

"Жайдарман" жобасының жетекшісі ретінде жұртқа танымал болған Есен Елеукеннің жеке өмірі жайлы ақпарат жоқтың қасы.

Бұған дейінгі сұхбаттарында да ол отбасы туралы көп айта бермейтін. Тимур Балымбетовтың жобасында танымал тележүргізуші алғаш рет жұбайы мен бойжетіп қалған жалғыз қызы туралы сыр шертті.

Танымал тұлғаның қызы да, жұбайы да қоғамдық өмірді қаламайды екен. Дегенмен, ол Евгения есімді келіншегі өнердің адамы екенін жеткізді.

"Ол кісі де өнердің адамы. Киім тігумен, жалпы дизайнмен айналысады. Өз әлемі бар. Есімі - Евгения. Есімінің де қойылу тарихы бар, негізі қазақ. Өз ісі бар, ең бастысы, менің жұмысыма кедергі келтірмейді. Қолдап отырады, өзінің бағасын беріп отырады", - дейді Есен Елеукен.

Осылайша ол жұбайына қалаған ісімен айналысуға мүмкіндік берген.

"Шынайы, ең бастысы, өтірік күлкісі жоқ. Бізде де түсінбестік болды, қиын кезеңдер болды. Бірақ үнемі қолдап отырады. Мен де оның жұмысын қолдаймын. Бұл жердегі мақсатымыз үлкен пайда табу емес. Нені жақсы көреді, соны жасасын деген ойым бар. Ортақ әңгімелеріміз бар", - деп ағынан жарылды тележүргізуші.

Әңгіме барысында Есен Елеукен жалғыз қызы туралы да айта кетті.

"Қызымды кішкентай кезінен бүкіл отбасым еркелететін. "Папасының патшасы" дейтін еді. Қазір 9 сыныпты бітірді. Оның да өзінің әлемі бар. Әлеуметтік желіде отыруды аса қатты жақсы көрмейді. Өзінік бір түсініктері бар. Әлеуметтік желіге шығып, ананы-мынаны сала беруді екеуі де қатты қаламайды, мен де оны аса қаламаймын. Елдің алдында жүргеннен кейін кейде амал жоқ бір дүниелер жазып қоюға тура келеді. Шошаңдап, мен ана жерде отырмын, мынаны жеп отырмын деу менікі емес", - дейді тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925017-esimi-evgeniya-esen-eleuken-algas-ret-zeke-omiri-turaly-asyq-aitty/

pixel