Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есікті бұзып кірген": Ақтаулық рэпердің концерті шенеуніктерді әуреге салды

Опубликовано:

Караоке
Көрнекі сурет: Pixabay

Жуырда әлеуметтік желілерде Ақтаудағы түнгі клубтардың бірінде Shiza есімімен танымал рэпердің концерті болады деп хабарланған. Нәтижесінде, тап концерт болады делінген күні тексерушілер жабық тұрған түнгі клубқа келіп, концерттің үстінен түспек болған. Алайда, тұрғындардың айтуынша, мекемеде ешкім болмай шыққан. Қалалық әкімдіктегілер аталған жайтқа қатысты пікір білдірді, деп жазады Lada.kz.

Ақтау әкімдігі баспасөз қызметінің берген ақпаратына сәйкес, мониторингтік топ 31 шілдеде "Н2О" түнгі клубында жастар арасында танымал Shiza есімді рэп орындаушысының концерті болғанын анықтаған. Мұның дәлелі ретінде шенеуніктер концерттің жарнамасы жарияланған постерді көрсеткен.

Бұдан бөлек, WhatsApp мессенджерінде де аталған іс-шарадан видеолар тараған. Ведомствоның хабарлауынша, мониторингтік топ құрамында жоқ куәгерлер де бар.

"Мекемедегі күзет қызметкерлері есікті ашудан бас тартты. Осыған қарамастан, жоғарыда көрсетілген дәлелдерді басшылыққа ала отырып, құтқару қызметі арқылы есікті бұзып кірді. "Н2О" әкімшілігіне қатысты тиісті шаралар қабылданды. Құрметті кәсіпкерлер! Заң бәріне ортақ. Карантин шараларын қатаң сақтаңыздар!", - деген үндеу тастады қалалық әкімдіктегілер.

Осы орайда, желі қолданушылары түнгі клубта ешқандай концерт болмағанын жарыса жазуда. Айтуларынша, шенеуніктер халықтың арасына іріткі салып отыр.

"Осылай масқара бола отырып, қателігін мойындамау деген. Сол жерде концерт болды деп, айтқанынан қайтпай отыр. Ал ол жерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр", "Залда ешкім болған жоқ. Жеңіл саты да тұр. Орындықтар да үстелдің үстінде. Қайдағы концерт?", "Концерт болған жоқ, бәрі жабық болды", - деп наразылық танытты желі қолданушалары.

Айта кетейік, әншінің өзі де Instagram желісіндегі парақшасында аталған шараның болмайтынын хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925061-esikti-buzyp-kirgen-aqtaulyq-reperdin-koncerti-seneunikterdi-aurege-saldy-video/

pixel