Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вакцина құжатын сатып алам": Қазақ актері өзінің ойланбай айтқан сөзі үшін жауап берді

Опубликовано:

Асқар
Асқар Ілиясов. Фото: instagram.com/askar.ilyassov

Белгілі қазақ актері Асқар Ілиясов Тимур Балымбетовке сұқбат беріп, әңгіме барысында өзінің КВИ-ге қарсы екпе туралы ойын ашық айтқан еді. Актер екпені мәжбүр болса ғана алатынын, тіпті болмаса жалған вакцина паспортын жасататынын мәлімдеген. Бұл ретте, өнер иесі желіде жарияланып қойған бағдарламада айтқан сөзі үшін Instagram желісінде жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асқар Ілиясов бағдарлама эфирінде коронавирусқа қарсы екпеге қатысты былай деген болатын:

"Егер бұранданы қаттырақ бұрап жатса немесе елден шығу мүмкіндігі болмай қалса, онда еріксіз екпе алармын. Болмаса, пара беріп, жалған екпе төлқұжатын сатып алуым мүмкін. Кім біледі?!".

Осылайша, ол өзінің екпе алуға қатысты көзқарасын ашық айтқан. Алайда көп уақыт өтпей, ол Instagram желісіндегі Stories-де айтқан сөзіне қатысты түсінік берді.

Соңғы сұқбатымда айтқан екпе туралы пікірге қатысты ой білдіргім келіп отыр. Менің айтқаным - ақымақтық, оны ел алдында айту, әрине, дұрыс емес. Бұл туралы жеткілікті ақпаратқа қанық емеспін. Сондықтан, білмейтін жайт туралы айтқаным - жауапсыздық. Вакциналау төлқұжатын сатып алу туралы айтқаным - балалық қырсықтық, былайша айтқанда ақымақтық. Мен ешқандай да төлқұжат сатып алмаймын. Жақсару, дами түсу үшін өзімді сыртымнан көру маңызды болды. Ел денсаулығы мен саламаты үшін екпе алуды насихаттап жүрген жандардан кешірім сұраймын", - деді ол.
Скриншот
Скриншот: instagram.com/askar.ilyassov

Еске салсақ, осы сұқбат кезінде Асқар Ілиясов мектеп кезінде өзі қысым көрсеткен сыныптасынан бағдарлама барысында кешірім сұраған болатын. Ол өзгелерге ұқсамайтын сыныптасын мазақ еткеніне өкінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925218-vakcina-quzatyn-satyp-alam-qazaq-akteri-ozinin-oilanbai-aitqan-sozi-usin-zauap-berdi/

pixel