RU

"Айсұлу - еркек": Асылхан Төлепов екінші рет ұлды болды (фото)

Асылхан Төлепов жарымен
Фото: Instagram/assylkhantolepov

Қазақстандық танымал актер Асылхан Төлеповтің отбасында қуанышты жағдай. Өнер иесінің екінші перзенті дүниеге келді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты хабарды жұлдызды әкенің өзі Instagram парақшасында жария етті. Актердің жары оған тағы да ұл бала сыйлаған.

"Сүйінші! Алланың қалауымен екінші ұлымыз дүниеге келді! Аллаға мыңда бір шүкір. Қуаныш қуанышқа ұлассын! Айсұлу - еркек", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары бірден ата-ананы құттықтап, кішкентай сәбиге өз ақ тілектерін жолдады.

"Бауы берік болсын", "Салиқалы ұрпақ болсын", "Бауы берік болсын! Қазақстанның бір туар азаматы болсын ИншАлла", "Бауы берік болсын! Ғұмырлы болсын! Анасына мықты денсаулық берсін", "Құттықтаймыз. Бұл деген керемет жаңалық. Көбейе беріңіздер", "Енді қос батырдың артынан қыз ерсін", "Сәбидің жасы ұзақ, дені сау болсын", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925239-asylxan-tolepov-ekinsi-ret-uldy-boldy-foto/