Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өрттің тұтануы тегін емес": Жорабаева Түркиядағы төтенше жағдай туралы айтты

Опубликовано:

Алтынай Жорабаева
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Отандық эстрада жұлдызы Алтынай Жорабаева бауырлас Түркия еліндегі алапат өрт оқиғасына қатысты өз ойын бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі Instagram парақшасында арнайы жазба жариялап, көпшілікті дұғада болуға шақырды. Оның сөзінше, өрттің бірден бірнеше жерде тұтануы тегін емес.

"Түрік ағайындарымызға Алланың Өзі жәрдем берсін. Апат айтып келмейді. Десек те, бірнеше жерде өрттің бір мезгілде тұтануы тегін емес сияқты. Желіде от қойып жатқан күдіктілердің видеолары таралуда. Қаншама адамның, жан-жануардың обалын мойынға арқалап кетуден сақтасын Алла. Алайда, Алла бәрін көріп тұр! Пейіліміз тарылмасын. Не тапсақ та пейілімізден, ниетімізден табатынымызды ұмытпайық! Тілсіз жауды ауыздықтап, қалыпты тіршілік қайта оралсын инша Аллаһ. Жер бетін жамандық жайласа, Алла апаттар жібереді.Алладан кешірім және дұға тілейік. Жүніс а.с. киттің ішінен алып шыққан - дұға! Бізді де кез келген қиындықтан алып шығар ең күшті қару, ол - дұға", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, Алтынай Жорабаева жақында Түркияның Алания қаласынан өзіне үй сатып алған болатын. Шетелден баспаналы болып, оны барынша насихаттаған эстрада жұлдызы кейіннен өнердегі әріптестеріне жақпай қалды. Балғынбек Имаш желіде Жорабаеваны қатты сынға алған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925247-orttin-tutanuy-tegin-emes-zorabaeva-turkiyadagy-totense-zagdai-turaly-aitty/

pixel