Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуекел Мүсілім Түркияда бір күнде бар ақшасы мен көлігінен айырылып қала жаздаған

Опубликовано:

Тәуекел
Тәуекел Мүсілім. Фото: instagram.com/mussilim/

Танымал қазақ актері Тәуекел Мүсілім Түркияға сапары кезінде ақша салынған сөмкесі мен мотоциклінен айырылып қала жаздаған. Бұл туралы отандық продюсер Алуа Қонарова айтып берді. Айтуынша, актер көшелерді шатастырып алып, көлігін басқа үйдің есік алдына қойып кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол Ardak Alanya YouTube-каналына берген сұқбатында айтты.

Түркиядағы азаматтардың жауапкершілігі мен адамгершілігі туралы сөз еткен Алуа Қонарова Аланья қаласында қылмыс аз екендігін жеткізді.

Мәселен, жуырда продюсердің үйіне қонақта болған Тәуекел Мүсілім бар ақшасы мен банк карталары салынған сөмкесін, сонымен бірге мотоциклін жоғалтып алып, бірнеше сағаттан соң өзі қалдырып кеткен жерден сол күйінде тауып алыпты. Бұл тұрғыда ол түркиялықтардың мұндай жайттарға түсіністікпен қарайтынын әңгімелеп берді.

"Әмиянымды, сөмкелерімді талай мәрте жоғалтып, не бір жерге қалдырып кеткен кездер болды. Бірақ қайта айналып барғанда, олар қаз-қалпында сол жерде тұратын. Я болмаса, артымнан жүгіріп келіп тұрып, алып келетін. Мәселен, жақында Тәуекел Мүсілім келіп кетті. Ол көшелерді шатастырып алып, мопедін, ақшасы мен құжаттары салынған сөмкесін, төлқұжатын, бәрін-бәрін басқа үйдің есік алдына қалдырып кеткен.

Түннің жарымына дейін соны іздедік. Ол ұрлап кетті екен деп ойлады. Алайда, мен оған мұнда ондай нәрсенің мүмкін емес екенін ескерткем. "Мұнда затыңды ұмытып кетсең, ешкім алмайды", дедім. Ақыры, таптық. Расымен де көшелерді шатастырып алып, басқа көшеге тастап кеткен екен. Шамамен бес-алты сағат бойы ешкім тиіспеген, тұра берген", - дейді продюсер.

Айта кетейік, аталған сұқбаты кезінде продюсер өзіне желі арқылы қоқан-лоққы көрсететіндер туралы айтқан болатын.

Сонымен бірге, ол Қазақстандағы кедейлердің жағдайына күйініп, Kaspi Red арқылы азық-түлік алатын халықтың жағдайына алаңдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925382-tauekel-musilim-turkiyada-bir-kunde-bar-aqsasy-men-koliginen-aiyrylyp-qala-zazdady/

pixel