RU

Әзілкеш Қабдолдың үйленгені рас па: Желіде той кезіндегі фото тарап кетті

Қабдол бейтаныс арумен
Фото: Instagram/qaz.stars

Әлеуметтік желілерде белгілі беташаршы әрі әзілкеш Қабдол Тілековтың той кезіндегі суреті тарап, ел арасында қызу талқыланды. Бұл жолы өнер иесі мерекелік шараны басқарып жүрген жоқ. Фотода оның қалыңдық кейпіндегі арумен ортада тұрғанын көруге болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары Қабдол Тілековтың ақ құсын қолына қондырғанын болжап жазуда. Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында оның бейтаныс қызбен қол ұстасып тұрған фотосы жарияланып, елді шулатты.

Көпшіліктің айтуынша, бұл беташаршының кезекті мерекелік кешінде жасалған суретіне ұқсамайды. Жұртшылық әзілкештің өзі шаңырақ көтергеніне сенімді.

"Құтты болсын! Бақытты болыңыздар! Келіннің көзі қалай?", "Осы күнге де жеттік-ау", "Бақытты болыңыз", "Бәрінің бетін ашып, енді өзі де келіншек түсірді", "Құсың құтты болсын", "Бақыттарың баянды болсын. Сендерге тілекшіміз", - деп жазуда желідегілер.

Алайда, айта кетерлігі Қабдол Тілеков өзінің парақшасында үйленгенін жария етіп, той кезінен ешқандай сурет жарияламаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925444-azilkes-qabdoldyn-uilengeni-ras-pa-zelide-toi-kezindegi-foto-tarap-ketti/