RU

"Бәрі қолжетімді": Альбина Шардарова интернеттің кесірінен ажырасып жатқан жастарға күйінді

Альбина Шардарова
Фото: Instagram/albina.shardarova

Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Альбина Шардарова бүгін күйеуі Бауыржан Сатовпен отасқанына үш жыл болғанын жария етті. Өнер иесі бұл ерекше күнге орай, желіде аса әсерлі жазбамен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Альбина Шардарова Instagram парақшасында жолдасына жазба арнап қана қоймай, соңғы кезде қоғамда белең алған мәселелердің бірін көтерді. Ол әлеуметтік желі кесірінен ажырасып жатқан жастарға күйініп, өз ақылын айтты.

"Көзді ашып-жұмғанша. Бүгін отау құрғанымызға 3 жыл болыпты. Шын махаббат үйленгеннен соң басталады дегенге қосыласыз ба? Негізі,біз Ислам жолымен жүрсек ешқандай да қиыншылық жоқ! Ері әйелін “Аманатым” деп, әйелі “Жәннатым” деп қараса болғаны. Қазір көпшілігінің санасын улап,құртып жатқан - әлеуметтік желі деп ойлаймын. Өйткені, қазір бәрі қолжетімді, бәрі әдемі (сырттан қарағанда). Сонымен жарын салыстырып жатады, араның суып кетуі басталады, ажырасуға дейін барып жатады(көп жағдайда). Әрине,қателесуім де мүмкін (басқа да себептер толып жатыр). Ал сіз бақыттысыз ба? Бәрімізге баянды,бақытты неке бұйыртсын! Осы күнге жеткізген Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925469-bari-qolzetimdi-albina-sardarova-internettin-kesirinen-azyrasyp-zatqan-zastarga-kuiindi/