Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Маған берген сынақты сіздерге бермесін": Жахан Отарғалиев балалы болуға қатысты жауап берді

Опубликовано:

Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш
Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

Осыдан жарты жыл бұрын шаңырақ көтерген отандық актер Жахан Отарғалиев бүгінде көпшілік жолдайтын басты сауалға жауап берді. Өнер иесі жары екеуі не себепті балалы болмай жүргендеріне қатысты пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жахан Отарғалиев көптің көкейінде жүрген сұраққа Instagram парақшасы арқылы жауап беруді шешкен. Әзілкеш аса әсерлі жазба жариялап, өзінің ішкі жан сырымен бөлісті.

Актер шынымен қатты балалы болғысы келетінін жасырмады. Алайда, әзірге бұл қуанышты жағдай орын алмай жатыр.

Өнер иесі бұл жайтты өзіне берілген сынақ ретінде қабылдайтынын айтты. Ол мұндай жағдай ешкімнің басынан өтпесін деп тіледі.

"Соңғы уақыттары маған жиі қойылып кеткен сұрақ “Қашан әке атанасың, үйленгендеріңе біраз болды ғой?”. Біреулер шын жаны ашып айтса, ал біреулер әдейі сұрайды. Менің ең басты арманым ол - әке атану. Аллах құранда айтқан қалағанына қыз, қалағанына ұл беремін, ал қалағаныңды бедеу қылып қоямын деген. Бұл да сынақ шығар. Өйткені Аллах баламен де сынайды. Мысалы қазір қанша бала өмірге ауыру болып келіп жатыр, инстаграмды ашып қарасаң балама көмектесіндерші деген қаншама видео көреміз.
Керісінше Аллах мені қорғап жатқан шығар, не десекте маңдайыма жазғанын көреміз. Үйленді болды бірден бала болу керек деген шарт жоқ. Естеріңде болсын біреуге күлме сол күн өзіңе келмесіне кім кепіл. Аллах маған берген қандай да сынақты сіздерге бермесін. Осымен бұл тақырыпты жабайық, жақсы ойда болайық. Өйткені уақыты келгенде шаңнын тозаңындай нәрсеге жауап беретін кезге жақындап келе жатырмыз. Қазір ең бастысы көбірек сауапты іс, жақсылық жасауға ұмтылайық", - деп ағынан жарылды Жахан.

Желі қолданушылары актерге барынша қолдау білдіріп, өз ыстық ықыласын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925472-magan-bergen-synaqty-sizderge-bermesin-zaxan-otargaliev-balaly-boluga-qatysty-zauap-berdi/

pixel