Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейге көшіп кеткен қазақ актрисасы елге қайта кіре алмай, жыларман күйге түсті

Опубликовано:

Бибігүл Ақтан
Бибігүл Ақтан. Фото: instagram.com/bibigul_aktan_s/

Танымал қазақ актрисасы Бибігүл Ақтан бұдан жарты жыл бұрын Ресейге біржолата көшіп кеткенін мәлімдеген. Ол актриса ретінде Мәскеуді бағындыруды көздейтінін және мансабын сол жақта жалғастыратынын ашық айтқан-ды. Алайда, жуырда Қазақстандағы туыстарына қыдырып келмек болған актрисаны шекарадан елге кіргізбей қойған. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мені Қазақстанға кіргізбей қойды! Осымен екінші рет! Қарасу шекара бекетінде. Елге кіру үшін негіз болатын себеп аз, дейді. Ал менің қазақ екенім, Алматыда туғаным негіз емес пе? Сұмдық. Мен қатты таңқалып, не істерімді білмей отырмын. Қайта Қырғызстанға қайтып бара жатырмын", - деп жазды ол.

Бұдан бөлек, ол stories-ке де видео жүктеп, қиын жағдайға тап болғанын жеткізген.

"Міне, Қазақстанға да кіргізбей қойды. Қара өзендеміз. Қазір не істерімді білмей, абдырап отырмын. Қазақстан бойынша керемет саяхат жасаймыз деген жоспарымыз іске аспайтын болды. Қазақстан, сен мені жақсылап күтіп алдың ғой! Қарасу, міне осындай. Түрмеден қашқандай сезімде отырмын", - деді актриса.

Актрисаның бұл жазбасына оқырмандар да алуан түрлі пікірлерін жаудырды. Оның елден көшіп кеткенін айтып, табалап, сынның астына алғандар аз болған жоқ.

"Сіз елден кетіп қалып едіңіз ғой?", "Сіз басқа елдің азаматтығын алған сияқты едіңіз", - деп жазды кейбір оқырмандар.

Десе де, актрисаны қолдап, жылы лебіздерін аямаған оқырмандар да болды.

"Қырғызстанда қалыңыз, біз пана бола аламыз", "Қалыңызшы, әдемі актрисалар онда да керек", "Бізде өте жақсы жігіттер көп", "Ұшақпен келіңіз, ондай шектеу болмайды", - деп жазды қырғызстандық азаматтар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925506-reseige-kosip-ketken-qazaq-aktrisasy-elge-qaita-kire-almai-zylarman-kuige-tusti/

pixel