"Алғашқы романтикалық кешкі ас": Дана Есеева күйеуіне ерекше тосынсый жасады
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал блогер Дана Есеева жолдасына нағыз романтикалық кешкі ас ұйымдастырып, қалың көпшілікті тәнті етті. Көпбалалы ата-ана мұндай отырысты некелерін қиғалы алғаш рет өткізіп жатырған көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Дана Есеева жұбайы Мейіржан Төребаевқа қандай тосынсый жасағанын Instagram парақшасында көрсетті. Танымал блогер жолдасын биікте орналасқан мейрамханаға шақырып, оған романтикалық кешкі ас ұйымдастырған.
Сонымен қатар, желі жұлдызы өздері үшін арнайы музыкантты да шақыртқан. Отбасылық өмір басталғалы алғаш рет осындай кешкі асқа шыққан ерлі-зайыптылар өз әсерлерін барша оқырмандарына бөліскен.
"Біздің алғашқы романтикалық кешкі асымыз. Бір жолы Мейіржан романтикалық кешкі ас ұйымдастырмақ болған. Бірақ біз балалармен бардық. Қызық болды, бірақ атмосфера бәрібір мұндай емес. Жақында неліктен мұндай асты өзім ұйымдастырмаймын деп ойладым?! Ол маған себепсіз сыйлықтар жасайды ғой.
Тосын-сый оған арналғанымен, мен де керемет эмоцияға бөлендім. Негізінде қарым-қатынас – екі адамның еңбегінің жемісі. Махаббат үш жыл өмір сүреді дейтін адамдар онымен жұмыс істемейтін шығар?! Жұбына ештеңе бермейтін, тек алуды білетін адам шығар.Сүйіктілеріңізді қуантыңыздар. Ешқандай кінәратсыз және бірінші сен істеуің керек деген талапсыз. Біз мәңгі емеспіз, біздің махаббатымыз балаларымызда жалғасын тапсын. Сені бар жан-тәніммен сүйемін, Мейіржан", - деп ағынан жарылды Дана Есеева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925637-algasqy-romantikalyq-keski-as-bloger-dana-eseeva-kuieuine-erekse-tosyn-syi-zasady/