Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кез келген қазақ арзанға жүгіреді": Айқын қаржы пирамидасын не үшін жарнамалаған

Опубликовано:

Айқын
Айқын Төлепберген. Фото: instagram.com/aikyn/

Былтыр ақпан айында қаржы пирамидасын жарнамалаған Айқын Төлепбергеннің басы дауға қалған болатын. Оның жария еткен қаржы ұйымы аз уақыттан соң жабылып, ақшасын ала алмай дал болған жұрт әншілерге кінә артқаны ел есінде. Тимур Балымбетовтың "Честно говоря" бағдарламасына сұқбат берген әнші неліктен мұндай қателікке бой ұрғанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұқбат барысында жүргізуші "жұлдыздар неліктен жарнамалайтын дүниелеріне келгенде ақ-қарасын ажырата алмайды" деген тақырып төңірегінде әңгіме қозғады. Ол 2020 жылы қаржы пирамидасын жарнамалаған Айқынның басы дауға қалған кезін еске салды. Айқынның айтуынша, ломбардты жарнамалаймын деп сан соғып қалғандар қатарында өзі де болған. Сондықтан, бұл ісіне әнші қатты өкінетінін жеткізді.

"Әр ақылды адамның бір қателікке бой ұра алатын кезі болады деп ойлаймын. Негізі мен ол компанияны жарнамалаған соңғы адам болдым. Маған дейін талай танымал адамдар жарнамалап қойған еді. Мен ломбардты жарнамалағым келмеген. Бірақ маған жақын досым хабарласып: "Бауырым, келе салшы. Бұлар намаз оқитын адамдар, мұсылмандар, алдамайды", - деп сендірді. Осыған да қарадым. Жарайды деп келісім-шарттарын сұрадым. Кеңсесіне бардым. Мен автомобиль жағын жарнамаладым. Одан бөлек, ақша салатындары бар екен. Мен ол туралы білмедім. Оны білсем кішкене болса да күдік туындар еді. Менің жарнамам шыққан соң, екі аптадан соң ол ұйым жабылды. Менің есімім танымал болған соң, жарнамам тап сол кезге тап болған соң, маған да тиді. Мен өз қателігімді сона барып түсіндім. Бірақ кеш болды", - дейді ол.

Айқын қаржы ұйымын жарнамалауға арзанға көлік алу мүмкіндігі туындаған соң келіскенін айтты.

"Маған ол үшін ақша төледі. Кім арзан бағаға бір нәрсені сатып алғысы келмейді? Кез келген қазақ бір нәрсені арзанға сатып алуға жүгіреді", - деді әнші.

Сонымен бірге, әнші мұндай жарнамаларға еретін халықтың өзін кінәлады. Айтуынша, әрбір адам қадамына мұқият болып, тексеріп барып әрекет етуі керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925667-kez-kelgen-qazaq-arzanga-zugiredi-aiqyn-qarzy-piramidasyn-ne-usin-zarnamalagan/

pixel