Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан: Жақсы болсаң да, жаман болсаң да адамдардың сыны бітпейді

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан желіде жаңа жазба жариялап, оқырмандарына өмірлік кеңес берді. Өнер иесі көпшілікке біреу үшін өзгерудің қажеті жоқ екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Instagram парақшасында өмірлік ой-толғауымен бөлісіп, оқырмандарын ойландырып қойды. Әнші жанкүйерлерін барынша шынайы болуға шақырды. Оның сөзінше, қанша жерден жақсы болсаң да адамдардың айтар сыны бітпейді.

"Біреудің сөзі үшін өзгеруге тырысып қажет емес. Біреуге жақсы әсер қалдырам деп те, өз болмысыңнан басқа болмысқа өтірік еніп кету керек емес. Шынайылық әрқашан трендте! Жақсы болсаңыз да, жаман болсаңыз да, адамдардың сыны, әңгімесі бітпейді. Сондықтан, тек ішкі дауысыңызды тыңдаңыз", - деп жазды Ерке Есмахан.

Желідегілер өнер иесінің сөздерімен толықтай келісіп, оған қолдау білдірді. Ал кейбірі эстрада жұлдызының суреттегі аяқ киімін қызу талқылады.

Гүлнұр Оразымбетова, Мадина Сәдуақасова, Жанель Мақажан, Жазира Байырбекова секілді әртістер де Еркенің аяқ киіміне аса қызығып, өз пікірлерін жаудырды.

"Аяқ киімің сәнді екен", "Аяқ киіміңі сөз жоқ", "Мына аяқ киім менің қызымдікіндей екен", "Ерке саған не кисең де жараса кетеді", "Бұл қыз не кисе де, сол зат тренд болып кетеді", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925888-erke-esmaxan-zaqsy-bolsan-da-zaman-bolsan-da-adamdardyn-syny-bitpeidi/

pixel