Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адам танымастай өзгеріпті": Түсіпбаеваның ағасы әншінің ерекше суретін жария етті

Опубликовано:

Меруерт
Меруерт Түсіпбаева. Фото: facebook/Мира Тусупбаева

Бүгін танымал әнші Меруерт Түсіпбаева өзінің мерейтойын атап өтуде. Халықтың еркесі елу жасқа толып отыр. Осы қуанышты күні әншінің ағасы қарындасын туған күнімен құттықтап, Facebook желісінде айрықша естелік-суретін көпшілік назарына ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің туған ағасы Ержан Түсіпбаев қарындасының туған күнінде жас кезіндегі суретін жария етіп, оны туған күнімен құттықтады. Айта кету керек, әнші бүгін 50 жасқа толып жатыр.

"Бүгін, менің қарындасым, сіздердің сүйікті әншілеріңіз, Меруерт Түсіпбаеваның туған күні. Суретте: Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері және мен", - деп жазды ол.

Ағасының бұл құттықтауына риза болған әнші: "Ақын ағам, талантты ағам, идеал- ағам! Көп рахмет!", - деп алғысын білдірді.

Меру
Меруерт Түсіпбаева ағасы Ержанмен. Фото: facebook/Ержан Түсіпбаев

Айта кету керек, әншінің бұл суретін оқырмандар таң-тамаша болды. Айтуынша, жас кезіндегі Меруерттің бейнесі мүлдем басқа болған.

"Ух ты! Мына суретте тіпті басқа ғой, адам танымастай өзгеріпті. Сіздің қарындасыңыз екенін де білмеппін. Туған күні құтты болсын! Ғұмырлы болсын! Ол әншіні жақсы көремін, ерке ғой", "Құтты болсын, бірақ Меруертке ұқсамайды екен", "Қазақтың өнерлі де сұлу, қайсар да өжет қызы ғой, туған күні құтты болсын", "Баянауылдың өнерлі, көрікті, өжет, еліміздің белгілі біртуар қызы, Ертіс-Баян өңірінің мақтанышы - Меруерт Балғабайқызының туған күні құтты болсын! Шығармашылық шабыты шарықтай берсін!", - деп жазды оқырмандар.

Еске салсақ, Меруерт Түсіпбаева қоғамда болып жатқан кез келген оқиғаға қатысты пікір білдіріп отырады. Елді елең еткізген жайттарда үнсіз қалмайтын әншінің пікірлері үнемі ел аузында. Жуырда ғана ол Токиодағы Олимпиадада бокстан қола жүлдегер атанған қазақстандық спортшы Қамшыбек Қоңқабаевқа қолдау білдірді. Өнер иесі ел намысын қорғаған спортшының анасына алғыс айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925915-adam-tanymastai-ozgeripti-tusipbaevanyn-agasy-ansinin-erekse-suretin-zariya-etti/

pixel