RU

"Қолымыздан келгенді жасадық": Шоумен Мұрат Мұтырғановтың анасы қайтыс болды

Мурат
Диана Мұтырғанов: instagram.com/muturganov_murat/

Танымал әртіс әрі шоумен Мұрат Мұтырғановтың анасы Диана Мұтырғанова өмірден озды. Ол қауіпті онкологиялық дерт салдарынан көз жұмған. Бұл туралы шоуменнің өзі Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Отбасымызда қайғылы жайт орын алды. Бүгін біздің сүйікті анамыз қайтыс болды. Қолымыздан келгенше күрестік. Бірақ оба ауруын жеңе алмадық. Біздің анамыз тамаша жан еді. Ол адамзатты да, өмірді де, отбасын да, жануарларды да жақсы көретін. Жүрегі таза адам еді. Оны танитындар болса, өтінеміз, анамның рухы үшін дұға етіңіздерші. Анашым, сен мәңгі біздің жүрегіміздесің. Жатқан жеріңіз жайлы болсын!", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары мен отандық жұлдыздар көңіл айтып, оған жылы лебіздерін білдірді.

Еске салсақ, бүгін Жамбыл облыстық ішкі істер басқармасының экс-басшысы, отставкадағы полиция полковнигі Владимир Щелочков 75 жасында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты өңірдің полиция департаменті растады.

Одан бөлек, отандық белгілі журналист Қалыбек Атжан өмірден өткені хабарланды. Қаралы хабарды президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926292-qolymyzdan-kelgendi-zasadyq-tanymal-soumen-karim-mutyrganovtyn-zubaiy-qaitys-boldy/