Індеттің өршіп тұрған шағында мерекелік шарада бас қосқан отандық жұлдыздар ел назарына түсті (видео)
Опубликовано:

Алматы мониторинг тобы «Royal Tulip» қонақүй кешені аумағындағы «Black star burger» мейрамханалар желісі өкілдерінің карантинді бұзғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Медеу ауданының мониторинг тобы 8 тамызда «Royal Tulip» қонақүй кешенінің аумағында карантин талаптарының бұзылғанын анықтады. Онда «Black star burger» өкілдері мерекелік шара өткізген. Қонақүй кешені мен «Black star burger» өкілдерінен түсініктеме алынды. Материалдар аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына берілді», - деп хабарлады Медеу аудандық әкімдігінен.
Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мониторинг тобының материалдары бойынша жауапты тұлғалар әкімшілік жауапқа тартылатынын атап өтті.
Компанияның Instagram парақшасынан бұл іс-шараға Қазақстанның танымал блогерлері мен әртістері жиналғанын көруге болады. Еске салайық, Алматы коронавирустан «қою қызыл» аймақта. Бас сандәрігердің қаулысына сәйкес, қалада көпшілік жиналатын шаралар өткізуге тыйым салынған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926348-indettin-orsip-turganyna-qaramastan-merekelik-sarada-bas-qosqan-otandyq-zuldyzdar-el-nazaryna-tusti-video/